"МузАрт" тобының әншісі өзі тұсауын кескен балаға бір бума ақша сыйлады
1503
Кенжебек Тұсынбайұлы досының баласының тұсауын кесті. Бала тұсаукесер рәсімінде жерде жатқан ақшаға қол созған. Мұны көрген әнші баланың қойнына қомақты қаржы қыстырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ turkystan.kz сайтына сілтеп.
Әнші рәсім алдында балаға елге пайдасы тиетін бай болуды тілеген. Қызық болғанда сәби бірнеше қадам жасап, кейін жердегі ақшаға қол созған.
"Арман деген аға-досым өзінің баласының тұсауын кестіртті. Достығымызға 20 жылдан асты, әрқашан сөзімді жерге тастамаған, адал, сенімді досым! Арман аға, Нұргүл жеңеше отбасыларыңызбен мың жасаңыздар. Тілеген тілегім Алланың құлағына шалынсын. Менің айтқанымнан кейін таңдауы неге түскенін көріңіздер", - деп жазды ол.
Баланың таңдауына риза болған әнші қолындағы қомақты қаржысын сәбидің қойнына қыстырды.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...