Нариман Құрбановтың қазақ қызына қашан үйленетіні белгілі болды
Спорттық гимнастикадан Қазақстан қоржынына Олимпиаданың тарихи медалін салған Нариман Құрбановқа кеше демеушілер көлік мінгізген. Спортшы енді той қамына кірісіп, қыркүйек айында шаңырақ көтермекші.
«Біз Аида екеуіміз 2018 жылы таныстық. Содан бері қыз-жігіт болып араласып келеміз. Сүйіктім Аида да гимнастшы. Бұйырса, тойымыз қыркүйекте болады», - деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Олимпиадада жүлде алған қазақстандық спортшыларға елде ерекше сый-құрмет көрсетілгенде, Нариман назардан тыс қалған еді. Жанкүйерлер болса ірі кәсіпкерлерді спортшыға лайықты құрмет көрсетуге шақырған. Алғашқылардың бірі болып Allur компаниясы үн қатты. Оған кеше Škoda Kodiac кроссоверін сыйға тартқан.
Сүйіктісі - Аида Бауыржанова да өзімен бірге өнер көрсетіп жүрген гимнаст.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
17:57
Жезқазғанда «Қазақмыс» өндірісті бір жерден бақ...
21.10.2026
17:13
«Өнерде 40 жыл»: Бақыт Шадаева сахнаға қайта ор...
21.10.2026
17:09
«Тісін сындырып, шашын қиған»: Ақтауда күйеуіне...
21.10.2026
17:07
Зеленский соғысты тоқтату үшін жерінен бас тарт...
21.10.2026
14:54
Экс-министр жаңа қызметке тағайындалды
21.10.2026
14:20
Ақтөбе облысында шахтада 24 жастағы кенші көз ж...