«Өнерде 40 жыл»: Бақыт Шадаева сахнаға қайта оралды

«Өнерде 40 жыл»: Бақыт Шадаева сахнаға қайта оралды
Фото: Instagram/gulnaz_alimgerey

Көптен бері сахнадан көрінбей кеткен әнші Бақыт Шадаеваның желіде жаңа видеосы пайда болып, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Politico.kz.

Журналист Гүлназ Әлімгерей өнер иесінің бүгінгі бейнесін парақшасында көрсетіп, оның өнер жолындағы мерейлі белесін еске салды.

«2000 жылдар жұлдызы. Нәзік үні мен сұлу сымбаты үйлескен Бақыт Шадаева осы әнімен есімде қалыпты. Әлі сол қалпы. Сонау 2000 жылдардың басында «Азия дауысы» халықаралық байқауында жеңімпаз атанғанда, бүкіл ел теледидардан тамашалап, тілекші болған едік. Биыл өнерде жүргеніне – 40 жыл екен. Сағынған көрерменімен қауышуына себепші болған – әріптесіміз Бағдагүл Рахметқызы», – деп жазды журналист.

Гүлназ Әлімгерей өнер иесінің жеке концерттік турнесін батыс өңірінен бастағанын айтып, ән сапарына сәттілік тіледі.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу