«Нашақорларды жинап, притон ұйымдастырған»: Алматыда бұрынғы дін қызметкері ұсталды

13.02.2026 15:33 Әсел Мұрат
«Нашақорларды жинап, притон ұйымдастырған»: Алматыда бұрынғы дін қызметкері ұсталды
89
Фото: Facebook/Иаков Воронцов

Алматыда бұрынғы дін қызметкері болған Иаков Воронцов нашақорлар тобын құрды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Алматы полициясының хабарлауынша, оған есірткі қолданатындар тобын жинап, притон ұйымдастырған деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған.

«Алматы қаласы полиция департаментінің Тергеу басқармасында есірткі заттарын тұтынуға арналған притон ұйымдастыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Аталған құқық бұзушылыққа қатысы бар деген күдікпен 1986 жылы туған ер адам ұсталды. Тінту барысында одан ұнтақ түріндегі заттар тәркіленген. Медициналық куәландыру оның есірткі қолданғанын растаған», - деп хабарлады полициядағылар.

Қазіргі уақытта іс аясында жан-жақты тергеу жалғасуда. Заңсыз әрекетке қатысы болуы мүмкін тұлғалар мен оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

Айта кетсек, Иаков Воронцов Украинадағы соғысқа қарсы мәлімдемелерімен танымал. Ол 2022 жылы Орыс  православ  шіркеуі жетекшілігін және Владимир Путин режимінің саясаттарын, соның ішінде Украинаға қарсы соғысты ашық айыптағаны үшін жоғары шіркеу иерархиясы тарапынан қызметтен шеттетілген еді. Воронцов сол кезде Ресей православ шіркеуінің дін қызметкері бола тұра, Украинадағы соғысқа қарсы ашық мәлімдеме жасаған. Бұл ұстанымы діни ортада қызу талқыға түскен болатын.

2023 жылы Facebook желісінде соғыс пен шіркеудің рөліне қатысты сын айтқан жазбасы үшін оған қарсы қылмыстық іс қозғалған болатын. Алайда сараптама нәтижесінде қылмыстық құрам анықталмай, іс бір жылдан соң тоқтатылды.

Воронцов орыс православие шіркеуінен 2024 жылдың жазында шығарылған болатын.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий