Науқас әйел аурухананың бесінші қабатынан құлап, қаза тапты

Науқас әйел аурухананың бесінші қабатынан құлап, қаза тапты
ашық дереккөз

Пермь қаласында орналасқан Граль атындағы аурухананың науқасы ғимараттың терезесінен құлап көз жұмды.

Куәгердің айтуынша, әйел адам терезеден құлап кеткен, өкінішке қарай, дәрігерлер оны құтқара алмады. Оқиға кезінде әйелдің үстінде киімі болмағаны айтылғанымен, оның себебі нақты белгісіз.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм 40 жаста болған. Ол аурухананың бесінші қабатынан құлаған.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеушілер жағдайдың мән-жайын анықтау үшін қажетті шараларды қолға алды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу