Науқас соққыға жыққан дәрігердің жағдайы белгілі болды
Науқастардың бірі шабуыл жасаған Қостанай облыстық ауруханасының дәрігері Антон Кистанов жансақтау бөлімінен неврология бөліміне ауыстырылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Антон Кистанов қазір Астанадағы Ұлттық жедел медициналық үйлестіру орталығында ем алып жатыр. Дәрігерлер хирургтың жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты. Әрі ол адамдармен сөйлесе алатын жағдайда екен. Сондай-ақ оған бас миының ауыр жарақаты бойынша дәрілік ем тағайындалған.
Айта кетейік, жағдай 17 шілдеде Қостанай облыстық ауруханасында болған. Кезекте тұрған науқастардың бірі дәрігерді ұрып-соққан. Салдарынан дәрігер есін жоғалтып, комаға түскен. Кейіннен дәрігер санитарлық авиациямен Астанаға жедел медициналық жәрдем орталығына жеткізілген. Ал күдікті қамауға алынған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.10.2026
21:35
Төрт қазақстандық боксшы U19 әлем чемпионатының...
26.10.2026
20:15
Таиландтың Пхукет аралында толассыз жауыннан ке...
26.10.2026
19:37
Түркістан облысында 17 жастағы жасөспірімнің ая...
26.10.2026
18:50
Павлодардағы перинаталдық орталық шала туған нә...
26.10.2026
17:22
«Жұмыс кезінде тоқ соқты»: Алматыдағы құрылыста...
26.10.2026
16:43
Ыстанбұлда қаза тапқан қазақстандық қыздың ісі ...