«Наурыз қазақтың, мұсылмандардың мейрамы емес» деген діндар ұсталды (ВИДЕО)
Қазақтарда Наурыз мейрамы болмағанын, мұсылмандардың оны атап өтпейтіні туралы айтқан видео авторы ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның үстінен үстінен діни араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Бұл туралы Алматы облысының полициясы мәлімдеді.
Әлеуметтік желілерде ер адамның қазақта Наурыз мейрамы болмағанын айтқан видеосы тараған еді.
«Айтты осылай тойламадыңдар. Қазақта ешқашан ондай мейрам болмаған. Наурыз – парсылардан, отқа табынушылардан келген мейрам. Наурыз дегенннің өзі қазақтың сөзі емес. Ол парсының «жаңа күн» деген сөзі. Егер мұсылман емеспін десең, бұл видеоның саған қатысы жоқ. Егер мұсылманмын десең бұл мерекелерді тойлауға болмайды», – дейді видео авторы.
Алматы облысының полициясының хабарлауынша, ер адамға қатысты діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Биылғы жылдың 23 наурызында әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында «TikTok» платформасында Наурыз мерекесіне қатысты діни және этномәдени сипаттағы жария айтылған пікірлері бар бейнематериал анықталды. Жедел іс-шаралар барысында 1991 жылы туған К. есімді азамат анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Соңғы жаңалықтар