Назарбаев пен Лукашенко жақын арада кездезпекші
Назарбаев Лукашенконы жеңісімен құттықтап, кездесу өткізуге келісті
Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Президенті Александр Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен құттықтап, жақын уақытта кездесу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Беларусь Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ел көшбасшылары арасында жылы достық әңгіме өрбіген.
«Беларусь Президенті мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті арасында өте жылы және достық сипаттағы әңгіме болды. Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенконы шын жүректен сайлаудағы жеңісімен құттықтап, бұл қуанышқа Беларусь халқын да ортақтасып құттықтауын жеткізді», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Әңгіме барысында екі тарап та жақын арада кездесуге дайын екендерін білдірді.
26 қаңтарда Беларусьте президенттік сайлау өтті. Ресми мәліметтерге сәйкес, Александр Лукашенко сайлаушылардың 87,6% дауысын жинаған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады
27.10.2026
17:56
«Бүгін жігіттерде той»: «Жігіттер» тобының әнші...
27.10.2026
17:25
Астанаға әкім, федерацияға президент: Жеңіс Қас...
27.10.2026
17:21
Тоқаев ертең халыққа жолдау жасап, Түркияға ұшады
27.10.2026
17:15
«Күліп жүрші, саған жарасады»: Олжас Абай жары ...