"Назарбаевқа дейін": белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің өлімі туралы құпияны айтты

13.11.2025 10:10 Мөлдір Талғат
0
146
Фото: minber.kz. Суретте: Назарбаев пен Нұрқаділов

Қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің жұмбақ жағдайда қаза тапқанына 20 жыл толды. Арада екі онжылдық өтсе де, оның өліміне қатысты сұрақтар әлі күнге дейін жауапсыз, деп жазады POLITICO.KZ Alash.KZ сайтына сілтеп.

"Заманбек Ахметұлы – ерекше болмыс иесі еді. Кеңес дәуірінде қалыптасқанымен, мінезінен еркіндік пен тәуелсіз ой айқын сезілетін. Табиғи, шынайы, адамды өзіне тарта білетін тұлға болатын. Қасында жүрген адам ешқашан жалықпайтын: оның сөзі де, ісі де әсерлі, өмірге құштарлыққа толы еді. Мен онымен Алматы әкімі болып тұрған кезінде таныстым. Сол жылдары Қазкоммерцбанкпен бірге «Азия дауысы» халықаралық фестивалін бірнеше рет демеуші болдық. Заманбек әр істі адал атқаратын, пара мен «откат» атаулыдан бойын аулақ ұстайтын, ар-ұяты таза азамат еді. 1994 жылдың маусымы есімде. Оны әкім қызметінен босатардан бірнеше күн бұрын өзі хабарласып:
– Болат, тез кел, сөйлесетін маңызды шаруа бар, – деді.
Бардым. Сырттай сабырлы көрінгенімен, жүзінде бір мазасыздық байқалды.
– Мені жақында қызметтен алады. Бірақ күтпеймін, өз еркіммен кетемін, – деді ол.

Саясаткер премьер-министр Терещенкомен арасында келіспеушілік болып, мәселе тікелей Назарбаевқа дейін барғандығын айтады.

Бірақ Заманбек тік мінезінен айнымай, арын сақтап, өзі-ақ қызметтен кетті.Ол – турашыл, өр мінезді, ар-намысты азамат еді. Сол адалдығы мен ер мінезі оны халық жадында қалдырды. Ал оның өліміне қатысты шындық болса – әлі күнге дейін ашылған жоқ, - деді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий