Назарбаевтың тоқалы тағы да көпшілік алдына шықты
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаева тағы да көпшілік алдына шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Желіде оның Kazakhstan Fashion Week Astana шарасында түскен суреттері тарады.
Назарбаевтың тоқалымен түскен суретін көркем гимнастикадан спорт шебері Әлия Юсупова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді.

Сондай-ақ Исабаеваның сән апталығында түскен суретін Treads желісінің қолданушылары да жариялады.
«Бүгін Астананың барлық зиялы аруларымыз біздің бірінші ханымымыз Әсел Исабаевадан көз алмады. Оны танитындар жақсы біледі: ол көзге ұратын брендтерді кимейді. Өзгеше стилі, қарапайымдылығымен астасқан сән-салтанаты бар», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Бұл — Исабаеваның соңғы уақыттағы екінші рет медиада көрінуі. Наурыз айында фотограф Мирас Баянов оның «Астана Балет» театрында түсірілген болу бірқатар суретін жариялаған еді.
2023 жылы Нұрсұлтан Назарбаев өз естеліктерінде Әсел Исабаеваның екінші жары екенін және одан Тауман мен Байкен есімді екі ұлы барын жазған еді.
Әсел Исабаева – «Astana Ballet» театрының арт-менеджері.
Соңғы жаңалықтар