Назарбаевтың тоқалы көпшілікті сұлулығымен тамсандырды

30.03.2026 12:01 Әсел Мұрат
Назарбаевтың тоқалы көпшілікті сұлулығымен тамсандырды
1012
Фото: әлеуметтік желіден

Желіде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаеваның фотосессиясынан суреттер тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Суреттерді танымал фотограф Мирас Баянов түсірген.

«Мен үшін әрдайым өнерге жақын болу маңызды еді. Әсіресе, оның жалғасы боп жүрген жандардың жанында жүру ерекше мәнге ие. Ғажайып @assel_issabayeva_ менің көзқарасыммен», – деп жазды фотограф.

Желі қолданушылары Исабаеваның сұлулығына тамсанып, пікір білдірді.

Еске салайық, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев екінші әйелінен екі ұлы барын айтқан еді. Ол бұл туралы «Менің өмірім. Бодандықтан бостандыққа» кітабында жазған.

Кітапта ол екінші әйелі Әсел Исабаевамен қалай танысқаны, артынан қалған мұрагерлері туралы айтқан. Сонымен қатар, кітапта бірінші жұбайы Сара Алпысқызына алғыс айтқан.

«Әсел маған екі перзент - алтын асықтай екі ұл сыйлады. 2005 жылы Тауман, 2008 жылы Бәйкен дүниеге келді. Жасым алпыстың бел ортасына келгенде әке болу қуанышы, перзент сүю бақыты басыма қайта қонды. Балаларымның тәй-тәй басқаны, тілі шыққаны, былдырлап сөйлегені, ойыншықтармен ойнағаны, екеуін екі қолыма алып, көтеріп жүретінім, мектепке барғанын, әріптерді танығанын қызықтағанымыз, жұмыстан келгенімде алдымнан жүгіре шығатындары... Мұның бәрі жаңа Астана салудың қиын-қыстау кезеңін жеңілдеткендей де еді. Осыларды ойласам, ет жүрегім елжіреп сала береді. Тегінде, адам баласына ең басты бақытты, ең баянды бақытты бала ғана, перзент қана бере алатын болса керек. Үш перзентімді, үкілеген үш қызымды - Дариғаны, Динараны, Әлияны дүниеге әкелген, жас шағымнан жаныма жалау болған, небір сын сағатта қасымнан табылған Сараға бар ғұмырымда ризамын және қамқоршымын. Сол қилы кезеңде де мені түсінгенін, кешіргенін мына өмірдегі бір жұбанышым көремін. Тауман туғанда Алматыға, алдына барып, бар жайды ақтарып, айыбымды айтқанымда тектілігін тағы да танытып еді айтулы әулеттің перзенті. «»Бала - періште. Бала бақытты болып өссін» деді сонда Сара. Қыздарым да мені дұрыс ұқты. Сара Алпысқызының қай әйел үшін де қиын сынақта танытқан кеңдігінің бір себебін іштей сезетін де сияқтымын», - деп жазды Назарбаев кітабында.

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий