«Не дейін енді?»: Дариға Бадықова елден кешірім сұрады

01.01.2026 09:33 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
«Не дейін енді?»: Дариға Бадықова елден кешірім сұрады
0
357
Фото: ашық дереккөз

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова жаңа «Таптым-ау сені 3» фильмінің түсірілімі аяқталғанын хабарлады, деп хабарлайды Politico.kz

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазба жариялап, фильмнің кезекті бөлімі тағы да ауылда түсірілгенін атап өтті. Айтуынша, түсірілім шағын құраммен, небәрі бірнеше локацияда жүзеге асқан.

«Тағы да бір ауылда 5 актермен, 2 локацияда кино түсіріп, миллиард жинауға ниеттенгені үшін DBO production кешірім сұрайды», – делінген актриса бөліскен видеода.

Сондай-ақ Дариға Бадықова фильмнің прокатқа шығатын күнін де нақтылады. Оның айтуынша, жаңа туынды көрерменге көп күттірмейді.

«Тағы да ауылда кино түсірдік! Не дейін енді? Өздеріңіз айтыңыздаршы?! Бізде бәрі шынайы. Көрермен «Таптым-ау сені 3» түсірілді. Бұйыртса, 26 наурызда шығады», – деді ол.

Айта кетейік, «Таптым-ау сені» фильмдер сериясы бұған дейін де көрермен тарапынан жоғары сұранысқа ие болып, прокатта жақсы нәтиже көрсеткен.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий