«Неге әлі «тетрадь»? Қазақшасы жоқ па?»: ата-аналар дәптердегі орысша жазуды алып тастауды өтінді

 «Неге әлі «тетрадь»? Қазақшасы жоқ па?»: ата-аналар дәптердегі орысша жазуды алып тастауды өтінді
Скриншот видеодан алынды

Әлеуметтік желіде бір ата-ана баласының оқу дәптерін толтырып отырып, оймен бөлісті. Оның айтуынша, қазақ мектептерінде әлі күнге дейін орысша жазылған дәптерлер қолданылады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 
Ал дәптердің сыртындағы жазулардың орысша болуы қазақша жазуға едәуір кедергі келтіреді дейді.
Жазба астындағы пікірлерде басқа да ата-аналар мен қолданушылар бұл ойды қолдап, өз реніштерін білдірді.


«Қазақстанда завод жоқ, Тойхана мен Мешіт салса болды»,
«Өте дұрыс айтасыз»,
«Бізде тіпті дәптер шығармайды ғой» – деп пікір қалдырды.

 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу