Негізгі ҰБТ-да 206 талапкер ереже бұзды
390
Елімізде негізгі ҰБТ басталғалы 206 талапкер ереже бұзды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді. Белгілі болғандай, ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 98 бала тесттен шеттетілді. Тағы 108 адам іс-әрекеттері үшін аудиториядан шығарылып, тест нәтижесі жойылған.
Осы уақытқа дейін білім сынағына 164 мыңнан астам талапкер қатысқан. 3-аптаның қорытындысы бойынша қатысушылардың 69%-ы шекті балл жинады. Сонымен қатар, ҰБТ аяқталған соң 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда тестілеу нәтижелері жойылады.
Айта кетейік, негізгі ҰБТ-да алғашқы 140 балды Түркістандық оқушы жинады.
Соңғы жаңалықтар
09.08.2026
17:28
«Дубайға барамыз, сол жерде қаласыңдар»: Астана...
09.08.2026
16:30
Батыс Қазақстан облысында жолаушылар бар автобу...
09.08.2026
15:22
Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты
09.08.2026
14:30
Ақтауда көпқабатты үй маңынан әйелдің мәйіті та...
09.08.2026
13:23
“Кінәлілер жазасын алады”: Ақмарал Әлназарова М...
09.08.2026
12:17
Атырауда балаға күш көрсетті деген тәрбиеші бұр...