Неміс депутаттары жалақысын көтеруден бас тартты
Бундестаг осы жылы депутаттардың төлемақысын жоспарлы түрде көтеруден бас тартады. Осы аптада екі билеуші фракция парламент қарауына тиісті заң жобасын енгізуді ұйғарды, деп хабарлайды Politico.kz.
DW басылымының жазуынша, бұл туралы dpa агенттігі жазған. Заң жобасы 11 маусым күніне жоспарланған парламент отырысының күн тәртібіне енгізілген.
Осылайша, Христиан-демократиялық одағы мен Христиан-әлеуметтік одағының консервативті блогы, сондай-ақ Германияның Социал-демократиялық партиясы азаматтарға күрделі қаржы-экономикалық жағдайда үнемдеу шараларына дайын екендіктерін көрсетуге тырысып жатыр.
Төлемақыны көтеруге оппозиция – «Одақ-90»/жасылдар» партиясы, оңшыл попплистік «Германия үшін балама» және Солшылдар партиясы қарсы шығып отыр.
Бұған дейін Бундестагтың 630 депутатының әрқайсысына төленетін айлық төлем шамамен 500 еуроға (280 мың теңгеге) өсіп, 12 330 еуроға (шамамен 7 миллион теңге)жетеді деп жоспарланған еді. Бұл өсім Германиядағы жалақы деңгейінің артуына байланысты автоматты түрде есептеледі.
«Бюджет пен экономика тұрғысында қиындық байқалып жатқанда құрылымдық реформалар жүргізген жөн. Бұл тұрғындарға міндетті түрде қосымша жүктеме түсіреді», – деді билеуші фракциялар.
YouGov жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес, Германия тұрғындарының 85 пайызы депутаттардың жалақысын көтеруге қарсы екенін білдірген.
Соңғы жаңалықтар