Астанада ауа баптағыш орнату кезінде жұмысшы 50 метр биіктікте ілініп қалды
281
Астанада ТЖМ қызметкерлері биіктікте қауіпті жағдайда қалған жұмысшыны құтқарды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ер адам тұрғын үйдің 15-қабатында ауа баптағыш орнату кезінде құлап, ғимараттың сыртындағы темір тіреуішке ілініп қалған.
Оқиға Есіл ауданындағы Сауран көшесінде болған. Ауа баптағыш орнату жұмыстарын жүргізіп жатқан 1990 жылы туған жұмысшы биіктіктен құлап, шамамен 50 метр биіктіктегі құрылымға ілініп қалған.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері құтқару жұмыстарына автосатыны пайдаланған. Мамандар оның көмегімен жұмысшыға жетіп, ер адамды аман-есен жерге түсірді.
Төтенше жағдайлар министрлігі биіктікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, жарамды жеке қорғаныс құралдарын пайдаланудың маңызын еске салды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.10.2026
12:19
Астанада ауа баптағыш орнату кезінде жұмысшы 50...
10.10.2026
11:41
Нұрасыл Медеу: KNUS базасында дайындалған спорт...
10.10.2026
11:32
Ел алдындағы жауапкершілікті сезінемін – Нұрасы...
10.10.2026
11:24
Тоқаев Қарулы күштердің Арнайы операциялар күшт...
10.10.2026
10:35
Бір дәрі үшін 16 жыл жаза: Грузияда қазақстанды...
09.10.2026
23:13
«Мұздай су толған ашық құдық»: Көкшетауда қаза ...