Нұрайдың өлімі: видео таратқан полицейге қатысты іс қозғалды
Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты видеоны сыртқа таратқан полицейдің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Нурай Серікбайдың қатысуымен түсірілген видео тараған болатын. Болжам бойынша, оны Шымкент қаласының бұрынғы полиция қызметкерлері жариялаған. Кадрларда Нурай өзін күштеп алып кетпегенін, сол күні күдіктінің көлігіне өз еркімен отырғанын және оған ешқандай шағымы жоқ екенін айтқан.
Сонымен қатар, кейбір экс-полицейлер БАҚ-қа берген сұхбатында өздерінің жұмыстан босатылуын әділетсіз деп бағалаған.
29 қаңтар күні Сенат кулуарында журналистер Игорь Лепёхадан полицейдің мұндай әрекетке құқығы бар-жоғын сұрады.
«Мұндай әрекетке құқығы болған жоқ. Қылмыстық іс қозғалды. Барлығына құқықтық баға беріледі», – деді ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...