"Нұрекеңнің бәйбішеcіcің бе?": Гүлзира Айдарбекова оқырманымен сөзге кеп қалды

11.12.2025 12:30 Мөлдір Талғат
0
383
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Гүлзира Айдарбекова

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова оқырманымен ұрсысып қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Желі қолданушысы құдасының тойына бармағаны үшін сынаған көрінеді.

"Келін мынандай болу керек деп елге ақыл әдемі айтасыз да, бірақ неге ене ретінде, құдағи ретінде тойға бармадыңыз? Сіз ақылыңызды неге өзіңізге қолданбадыңыз, шетелге кете салмай, әрі үшінші лишний болып — бұл мүлдем ерсі ғой. Жас баланың тірлігін жасайсыз. Қайратты, немелеріңізді шын жақсы көрсеңіз, оның қайын жұртын да қабылдау кере", - деп жазды продюсердің оқырманы. 

Бұл жазғаны Айдарбекованың ашуына тисе керек, қатқыл жауап қатты.

"Сенің шаруаң қанша? Саған отчет беретін менің енемсің бе, әлде Нұрекеңнің бәйбішеcіcің бе? Келін де, құда да менікі, саған еш қатысы жоқ. Өз өміріңмен алыссай, мен қайда барамын, не істеймін — ол менің шаруам. Керексіз жерге тұмсығыңды тығып тіміскілeнбe, өз әлеміңде өз өміріңді сүр. Сенің өміріңде менің шатағым жоқ, менен үлгі алып, өзіңмен алыс. Ал “мін таптым” деп қуанып, мысқылдап өз-өзіңді жұбатып, күйік кернеп, өзегің өртеніп бара жатса, жүрек дәрісін ішіп ал — ұйқың тыныш болады", - деді  Гүлзира Айдарбекова.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий