Нұрлан Албан қызының туған күнінде тортқа жағылған шырақты сөндіруге рұқсат бермеді

Нұрлан Албан қызының туған күнінде тортқа жағылған шырақты сөндіруге рұқсат бермеді
14.10.2025 11:00
0
256
видеодан алынған кадр

Әнші Нұрлан Албан өзінің "Каколегім" деп еркелететін жалғыз қызын туған күнімен ерекше құттықтады.

Әке мейірімі мен жылы лебізге толы бұл сәт көпшіліктің жүрегін елжіретті. Нұрлан Албан қызының туған күніне арнап әдемі торт сыйлап, оған шырақ қойып, ерекше ықыласын білдірді. Дегенмен, әнші қызына торттың үстіндегі шырақты өшіруге рұқсат бермей, бұл сәттің өзіндік мәні бар екенін аңғартты. 

"Қадірлі ағайын! Алланың маған берген екі ұлы және бір тал ғана қызыл гүлім - қызым бар. Бүгін қызымның туған күні. Денің сау болсын, қызым. Мынаны (шырақты) өшірмей-ақ қояйық. Қазақта "Шығарғың сөнбесін!" деген жақсы сөз бар. Сондықтан мұны үрлемей-ақ қояйық. Шырағың сөнбесін! Бұл - сен жақсы көретін торт. Ең бастысы, балапаным, денің сау болсын. Екі ағаңның жанында сен әрқашан еркелеуге толық құқылысың. Құдай берген екі ағаң бар кезде сен толығымен еркелеп жүруге тиіссің, -  деді әнші қызын туған күнімен құттықтай отырып.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий