Нұрлан Еспанов: «Көңілді адамға өмірде ештеңе бұйырмайды екен»

Әнші Нұрлан Еспанов өмірде әрдайым көңілді жүрудің оңай еместігін және мұндай адамдарды көп жағдайда дұрыс түсінбейтінін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
«Кейбіреулер “Нұреке, әзіл айтқанша, неге ақыл айтпайсың?” дейді. Біреу тіпті “сізді жек көремін” деп жазып жіберіпті. “Онда сені жақсы көру үшін не істеуім керек еді?” деп жауап бердім. Бірде бағдарлама түсіріп, жарнама жасап жатсам, “Нұреке, ашсыз ба?” деп сұрапты. “Тоқпын” дедім, басқа не дейін? Өмірбаяныңды түсіндіріп әуре болудың қажеті жоқ – бәрібір түсінбейді.
Күлдіріп жүру – ең қиын іс. 30 жылдан бері елді күлдіріп келемін, бірақ мұның да шаршататынын енді түсіндім. Көңілді адамға өмірде ештеңе бұйырмайды екен. Көпшілік ондай адамды пайдаланып қалуға тырысады: керек кезінде іздейді, ал керегі болмай қалса, ұмытады. Ақшасы бар, салмақты ортаға шақырмайды, керісінше, құлап тұрған жерге “көтеріп жібереді” деп шақырады. Ал көтеріп алған соң, сенің қажетің де болмай қалады», – деді өнер иесі.
Соңғы жаңалықтар





