Нұрқанат Серікбаев Тбилисиде өткен Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды
1078
Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Тбилиси қаласында өткен Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Әзербайжан спортшысы Туран Байрамовпен күш сынасты. Белдесу тағдыры соңғы сәттерде шешілді. Негізгі уақыттың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Серікбаев “юко” ұпайын еншілеп, қарсыласынан басым түсті.
Бұл қазақстандық спортшының Тбилисидегі Grand Slam жарысында қатарынан екінші алтын жүлдесі. Ол дәл осындай нәтижеге 2024 жылы да қол жеткізген болатын.
Айта кетейік, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар қола медаль иеленген еді. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі жүлде бар.
Соңғы жаңалықтар
22.08.2026
14:18
«Жалғыз қызым еді»: Абай облысында қаза тапқан ...
22.08.2026
13:49
Бектенов үкіметінің батыл шешімдері өз жемісін ...
22.08.2026
13:22
Алакөлде жоғалып кеткен 44 жастағы ер адамның д...
22.08.2026
13:11
S&P рейтингінің өсуі реформалардың оң нәтижесін...
22.08.2026
13:02
Қазақстанның несиелік рейтингі он жылда алғаш р...
22.08.2026
12:22
Тоқаев сыйлаған сағатты 2,9 млн теңгеге сатпақ ...