«Өкінемін»: Маңғыстау облысының әкімі некесіз туған ұлына қатысты сөз айтты

23.12.2025 17:32 Арман Ермеков Арман Ермеков
«Өкінемін»: Маңғыстау облысының әкімі некесіз туған ұлына қатысты сөз айтты
0
881
Фотоколлаж: Politico.kz

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қоғамда қызу талқыға түскен некесіз туған ұлына қатысты жағдайды түсіндірді. Өңір басшысы бұл оқиғаны өміріндегі үлкен қателік деп атап, қазіргі таңда заң талаптарын толық орындап жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz порталы NUR.KZ агенттігіне сілтеме жасап.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шенеунік бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тараған мәліметтердің бұрмаланғанын алға тартты. Оның сөзінше, сот ДНҚ сараптамасы арқылы әкелікті мойындауды міндеттемеген. Керісінше, әкімнің өзі баланы ресми түрде тану үшін сотқа жүгіну туралы өтініш бергенін және соттың осы талапты қанағаттандырғанын айтты.

Қаржылық міндеттемелерге келер болсақ, бүгінде Нұрдәулет Қилыбай жалақысының белгілі бір бөлігін заң аясында алимент ретінде аударып отыр.

«Қазір заң бойынша тиесілі алимент төленіп жатыр. Нақты қанша екенін бухгалтериядан сұрау керек, жалақының 20-25 пайызы шығар. Қолыма алатын жалақым — 1,9 млн теңге, содан алимент ұсталады. Бірақ ұлыммен араласпаймын», — деді әкім.

Облыс басшысы өткен іске өкінетінін білдірді.

«Жағдай орын алды. Әрине, мен ол туралы өкінемін. Бұл менің кезінде жасаған қателігім болатын. Уақытты кері қайтару мүмкін емес. Енді не десек те, қазір мен басқа шаруалармен, яғни өңірді дамытумен айналысуым қажет. Әрине, бұл жағымсыз жайт. Тұрғындардың қалай қабылдағанын білмеймін, оны өздерінен сұрау керек», — деді Нұрдәулет Қилыбай.

Еске салайық, даудың басы 2025 жылдың маусым айында басталған еді. Мәслихаттың бұрынғы депутаты Ынташ Наурызова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, 2022 жылы әкімнен ұл тапқанын жария еткен болатын. Сол кезде баланың анасы шенеуніктің перзентінен бас тартып, өзіне қысым көрсеткенін айыптаған. Бастапқыда Нұрдәулет Қилыбай бұл айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарса да, тамыз айында сот шешімімен ол үш жасар баланың әкесі деп ресми түрде танылды.

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий