"Өлік": Қымбат Әбілдәқызы сынға ұшырады

18.12.2025 16:14 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
137
Фото: ашық дереккөз

Балаларға арналған «Айгөлек» журналының негізін қалаушы Қымбат Әбілдәқызы даудың ортасында қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Желіде журнал беттерінде жарияланған кейбір материалдардың мазмұнына қатысты қоғамда үлкен наразылық туындап, ата-аналар мен зиялы қауым өкілдері алаңдаушылық білдірді.

Бұл мәселеге қатысты ақын әрі журналист Дариға Нұрашева әлеуметтік желіде өз пікірін жариялап, балалар журналына тозақ, жер астындағы өліктің дауысы секілді тақырыптардың енгізілгенін сынға алды.

Балалар журналына тозақ, жер астындағы өліктің дауысы туралы материалдар жарияланыпты. “Топырақтың астында не көп? Не болушы еді — өлік те! Жоқ, өлік емес, өліктердің жан дауысы!” деген шығармалар жүр» деп жазды ол.

«Айгөлек» журналындағы мазмұнды Тортуыл Шоқан да өткір сынға алған. Ол балаларға арналған басылымда діни және тарихи тұлғаларды біржақты, даулы қырынан көрсету дұрыс емес екенін атап өтті.

«Біз ата-аналарға балаңды дұрыс тәрбиеле, заманауи білім мен ғылымға бағытта деп айтып жүрсек, “Айгөлек” журналы балалардың жүрегіне ислам нұрын төтесінен төгіп жатыр екен ғой» деп жазды ол.

Ол сондай-ақ тарихи тұлғалардың қатыгез бейнелерін балалар санасына сіңірудің қауіпті екенін алға тартты.

«Мұхаммедтің қызы Фатиманы тепкілеп өлтірген деп сипатталатын Омар ибн Хаттабты балаға үлгі ету адамгершілік пе? Егер бас редактор Қымбат Әбілдина Құдай алдында күнәлімін десе, діни журнал ашсын. Ал балаларға арабтың озбырларын емес, қазақтың игі жақсыларының тарихынан үзінділер берсін» деп жазды Тортуыл Шоқан.

Бұл жазбалардан кейін желі қолданушылары да үнсіз қалмады. Көпшілік пікір білдіріп, журнал мазмұнына қатысты алаңдаушылықтарын ашық жеткізді.

«Жауапқа тарту керек, бұл ұлтқа жасалып жатқан қастандық» деп жазды бір қолданушы.

Тағы бірі «Айгөлек – балалар журналы. Мұндай тақырыптар бала түгілі ересек адамды адастырады, басылымдар тексеріліп барып шығуы керек» деген пікір қалдырды.

Сондай-ақ «Астыртын насихатқа жақын», «Балалар мұны қалай түсінсін» деген сыни көзқарастар да жиі айтылды.

Қоғамда көтерілген бұл дау балаларға арналған басылымдардың мазмұнына бақылауды күшейту қажеттігін қайта күн тәртібіне шығарды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий