«Өлімін түсім арқылы білдім»: Нұржан Қалжан Руслан Бөлебай қаза тапқан жол апатының мән-жайын айтты
441
Әнші Нұржан Қалжан 2009 жылы белгілі тележүргізуші әрі журналист Руслан Бөлебай мен досы Бауыржанның өмірін қиған қайғылы жол апатының қалай болғанын егжей-тегжейлі еске алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі бұл апатқа өзінің еш кінәсі болмағанын, көлікті полициядан қашып келе жатқан басқа жүргізуші келіп соққанын айтты.
"Мен жол ережесін бұзған жоқпын. Біз отырған көлікті келіп соқты. Жол-патрульдік полициясынан қашып келе жатқан жігіт екен. Есімді жинағанда рөлге жабысып қалыппын. 10-15 жігіт келіп, бізді шығарып алды. Руслан ортасында, Бауыржан шетінде отырған. Машинаның артқы есігін езіп жіберген, кейін ол айналып келіп, сау беті талға соғылған. Бауыржан мен Руслан екеуі бастары бір-біріне соғысты ма екен, өйткені жарақат бастан болған. Есімді жинап, «көмектесіңдер» деп айқайлап жатқанымда, сол жердегі кейбір адамдар мені танып жатты", – дейді әнші.
Апаттан кейін ауруханада екі ай, ауылда үш ай жатқан өнерпаздан жақындары достарының қазасын жасырған. Алайда ол бұл қаралы хабарды түсі арқылы сезгенін жеткізді.
"Жол апатынан Руслан мен Бауыржан кетіп қалады деп ойлаған жоқпын. Жездем де жанымызда болған, сол кісінің амандығын ғана тіледім. Өнердегі ағаларым көңілімді сұрап келгенде, Сәкен Майғазиев: «Русланға да кіріп шықтық, бәрі жақсы екен» деді. Ал ол кезде Руслан дүниеден озып кеткен болатын. Бір күні түсімде Русланның екі аяқ киімі екі жақта тұрғанын көрдім. Содан білдім де, палатада: «Руслан өліп қалды ғой, маған неге айтпағансыңдар?!» деп егіліп жыладым", – деп еске алды Нұржан Қалжан.
Соңғы жаңалықтар
11.09.2026
15:59
Алматыда Асанәлі Әшімовтің бейітіне ескерткіш о...
11.09.2026
15:52
Қазақстан Қытайдың облигациялар нарығында рекор...
11.09.2026
15:51
Белсенді Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті: енді...
11.09.2026
15:24
«Өлімін түсім арқылы білдім»: Нұржан Қалжан Рус...
11.09.2026
15:17
Шымкентте қарияны өлтірген қылмыс, туыстары күд...
11.09.2026
14:41
Жаңаөзен әкімінің экс орынбасары тергеуге ілікті