Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі үй сыйға берілді

15.02.2026 09:37 Қарақат АСЫЛОВА
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі үй сыйға берілді
262
Ашық дереккөздерден
Ulytau Group Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтер сыйламақ

Қазақстандық құрылыс компаниясы Ulytau Group мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтер сыйламақ ниетте, деп хабарлайды Politico.kz.

Компанияның мәліметінше, спортшыға баспана New City Life тұрғын үй кешенінен берілмек. Бұл туралы құрылыс компаниясы Instagram парақшасында жариялап, Олимпиада чемпионын арнайы сторис арқылы құттықтады.Алайда әзірге компания өкілдері Михаил Шайдоровпен тікелей байланыса алмағанын айтты. Сол себепті олар көпшіліктен спортшымен хабарласуға көмектесуді сұраған.

«Біз Михаил Шайдоровпен жеке байланысып, оны құттықтап, Ulytau Group атынан үш бөлмелі пәтерді табыстағымыз келеді. Өкінішке қарай, әзірге өзіне шыға алмай отырмыз. Егер кімде-кім оның байланысын білсе немесе осы жаңалықты жеткізе алса, бізге хабарласуын сұраймыз. Чемпионымызбен бұл қуанышты жаңалықты бөліскіміз келеді», – делінген компания хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де Олимпиада чемпионын құттықтап, оған автокөлік сыйлауға уәде берген болатын.

Еске сала кетсек, Михаил Шайдоров қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алып, ел абыройын асқақтатты.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий