Олимпиада-2026: Қазақстан атынан 36 спортшы өнер көрсетеді
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан ұлттық құрамасы спортшылар шеруіне қатысты, деп хабарлайды Politico.kz.
Олимпиада-2026 ашылу рәсімі ерекше форматта ұйымдастырылды. Салтанатты шара Миландағы әйгілі «Сан-Сиро» стадионында және Кортина д’Ампеццо қаласында өтті. Сонымен қатар дәстүрлі спортшылар шеруі Милан мен Кортинадан бөлек Ливиньо және Предаццо қалаларында да ұйымдастырылды.
Милан қаласында Қазақстан туын шорт-трекші Денис Никиша алып шықса, Ливиньо қаласында еліміздің атынан фристайл-могул спортшысы Аяулым Амренова ту көтерді.
Айта кетейік, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан 36 спортшы ел намысын қорғайды.Алғашқы жарыстар 7 ақпанда өтеді. Олимпиада ойындары Qazsport, Qazaqstan, Jibek Joly және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
7 ақпан, жарыс кестесі:
• Шаңғы жарысы, скиатлон (әйелдер)
Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Дарья Ряжко
Басталу уақыты: 17:00
• Конькимен жүгіру, 3000 метр (әйелдер)
Қатысушылар: Надежда Морозова, Елизавета Голубева
Басталу уақыты: 20:00
Соңғы жаңалықтар