"Қызды гинеколог тексеруі керек": Меруерт Түсіпбаева 12 жасар қызын сүйген ер адамға қатысты пікір білдірді

Фото: коллаж sn.kz

Әйгілі әнші Меруерт Түсіпбаева Өскеменде 12 жасар қызын ернінен сүйген әкенің әрекетіне байланысты пікір білдіріп, бұл жайтқа бейжай қарай алмағанын жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі бұл туралы Instagram-дағы жеке парақшасында жазып, бейнежазбадағы қыздың анасының әрекеті күмән тудырғанын ашық айтты:

«Құрметті оқырманым, демалыста едім. Желіден демаламын деп сөз бергенмін. Бірақ, ұстаз ретінде, ана ретінде, қоғам қайраткері ретінде беймарал жата алмадым. Шыны керек, мынау кісінің әйелі, яғни қыздың анасы өзі түсірген видео тарап кеткен. Бұл арнайы көмек керек дабылы емес пе екен?! Ананың жан айқайы емес пе екен бұл? Өйткені, профайлер болмасам да, қыздың анасының күлкісі, ақталғаны барлығы жасанды көрінді маған. Кеше жұбайы екеуі отырып түсірген видеода еркек ақталып отыр, ал әйел күліп отырған сыңай танытып отыр ғой, сол жерде. Түрінде бір мысқыл күлкі аңғардым. Жасөспірім қыз өсіріп отырған аналар жауап беріңіздерші? Бұл отбасындағы оқиға сіздерге әсер етті ме? Осы қыз бала бұл еркектің туған қызы ма өгей ме екен?» — деді ол.

Сонымен қатар әнші жасөспірімнің денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін тиісті мамандардың тексеруі қажет екенін алға тартты:

«Президентіміз де айтты ғой, (сүйісу туралы) негізі. Ересек адамның сілекейі арқылы миллион инфекция тарайды ғой. Бәлкім қыз баланы гинеколог мамандар тексеруі қажет болар. Ал анасына — психолог / профайлер керек-ау», — деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу