Назарбаевтың бұрынғы құдасы түрмеден шықты
Қазақстандағы Назарбаевтар әулетімен құдандалы болған Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разак түрмеден босатылды. Ол қалған жазасын үйқамақта өтейтін болды, деп хабарлайды Politico.kz.
73 жастағы Разактың 50 миллион ринггит (12 миллион доллар) көлеміндегі айыппұлын өзі жетекшілік еткен UMNO партиясы төлеген. Ақша Куала-Лумпур Жоғарғы сотының кеңсесіне аударылған. Осыдан кейін бұрынғы премьер жұма күні түстен кейін түрмеден шыққан.
Наджиб Разак 2022 жылдан бері түрмеде отырған. Ол Малайзияның 1Malaysia Development Berhad (1MDB) мемлекеттік қорынан миллиардтаған доллардың жымқырылуына қатысты жемқорлық және ақшаны жылыстату ісі бойынша сотталған. Аталған қорды құруға Разактың өзі 2009 жылы атсалысқан.
Бастапқыда ол 12 жылға бас бостандығынан айырылып, 210 миллион ринггит (шамамен 50 миллион доллар) айыппұл төлеуге міндеттелген. Алайда 2024 жылы Малайзия билігі оның түрме жазасын екі есе қысқартып, айыппұлын 50 миллион ринггитке дейін азайтқан.
Ал Разактың Назарбаевтар әулетіне қандай қатысы бар?
Ол – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваның құдасы. Құрманғалиеваның ұлы Данияр Кесікбаев 2015 жылы Наджиб Разактың қызы Нуриана Наджуаға үйленген.
Соңғы жаңалықтар