"Өмір алма-кезек": Әнші Балжан Бидаш ұстазы Баян Алагөзоваға жауап берді
1345
Балжан Бидаш КешYou тобы туралы түсірілген деректі фильмнің үшінші бөлімінде айтылған пікірлерден кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Әнші өз парақшасында ешкімге өкпесі жоқ екенін айтып, оқырмандарына сабыр мен сыйластық туралы ой бөлісті.
«Ақ-қарасын ажыратып жазып жатқан жандарға рақмет. Ешкімге ренішім жоқ. Бұл шешім және бұл дүние уақытша екенін ұмытпайық. Дүние алма-кезек. Өзімізді жақсы көрейік, басқаларды сыйлайық, барды бағалайық», – деп жазды Балжан Бидаш.
Желі қолданушылары бұл жазбаны Баян Алагөзованың фильмде айтқан сөздеріне жауап ретінде қабылдады. Пікір білдірушілердің бір бөлігі әншіні қолдап, жылы лебіздерін жазса, енді бірі оның мерейтойлық концертке қатыспау туралы шешімін сынға алды.
Оқырмандар арасында «Сізді түсінеміз», «Кез келген адамға ауыр тиер еді», «Шындыққа ренжімеу керек» деген секілді түрлі пікірлер жарияланды.
Соңғы жаңалықтар
25.08.2026
14:24
«Қызықты өмір сүргісі келеді». Уролог 74 жастағ...
25.08.2026
14:22
Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағында өрт шықты
25.08.2026
14:12
"Кейбір қазақтарға қазақша үйретіп жіберемін": ...
25.08.2026
13:59
Журналист: "Әкімдікке барып айқайласаң, 5 млн б...
25.08.2026
13:55
Маңғыстауда 26-дағы жігіт электр бағанасында ті...
25.08.2026
13:37
«10–12 күн шыдау керек»: Елдегі АИ-95 пен АИ-98...