Өмір бойына сотталған Сәрсемәлиевке қатысты тың дерек шықты: іске кім араласты?

04.09.2026 10:02 Мөлдір ҚАЙНАР
Өмір бойына сотталған Сәрсемәлиевке қатысты тың дерек шықты: іске кім араласты?
349
Фото: Ertenmedia.kz

Атырау облысының Жангелдин ауылында бір отбасын өлтірген Сұлтан Сәрсемәлиевке шыққан сот үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Politico.kz.

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталушы мен оның қорғаушысы апелляциялық шағым түсірмегендіктен, тағайындалған жаза өзгеріссіз қалды. Енді ол арнайы колонияға жөнелтіледі.

Іс бойынша жалғыз шағымды тек Kaspi Bank түсірді. Алайда қаржы ұйымы сот үкіміне емес, өздеріне қатысты шыққан жеке қаулыға келіспей отыр.

Тергеу мәліметінше, Сәрсемәлиев қаза тапқан Наурыз Мұқанғалиевтің атынан 4 млн теңгеден аса сомаға тауарлық несие рәсімдеп, оны қолма-қол ақшаға айналдырған. Алаяқтық әшкере болған соң банк қарызды есептен шығарғанымен, сот Kaspi-ге несие беру ережелерін қайта қарауды және осындай олқылықтарды болдырмау үшін міндетті видео-сәйкестендіру жүйесін енгізуді міндеттеген болатын.

Ал банк өкілдері өздерін бұл оқиғада жәбірленуші деп санамайтынын айтып, соттың дәл осы талабын жоққа шығаруды сұрап отыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий