«Өміріме қауіп төніп тұр»: Шахзадаевтан таяқ жеген әнші қорқып жүргенін айтты

14.05.2026 11:26 Әсел Мұрат
«Өміріме қауіп төніп тұр»: Шахзадаевтан таяқ жеген әнші қорқып жүргенін айтты
197
Фото: ашық дереккөз

Танымал әнші Мұқасан Шахзадаевтан таяқ жеген Ғалымжан Сүлеймен өз өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.  

Ғалымжан Сүлейменді аяусыз соққыға жыққаннан кейін әнші Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалған еді. 

Бірақ әлі күнге дейін сотқа жетпей, кешігіп жатыр. Жәбірленуші тарап бұл жағдайға «белгілі бір тұлғалардың ықпалы бар» деп отыр.

Ғалымжанның айтуынша, оны көшеде екі жігіт ұстап алып қорқытқан.

«Тіпті ,көлігімнің дөңгелектерінің болтын босатып кеткен жағдайлар да болды. Қазір мен өз өмірім үшін қатты қорқамын», — дейді Ғалымжан.

Ол мұның артында белгілі бір топтар тұруы мүмкін екенін айтты.

Ғалымжанның қорғаушысы заңгер Инга Иманбай бұл істің сотқа жетпей жатқанына алаңдаушылық білдірді. 

«Қылмыстық кодекстің 107-бабы: Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру бабы бойынша іс қозғалған. Оқиғадан бері жарты жыл өтсе де, іс әлі күнге дейін сотқа жолданбаған. Істің баяу жүруіне белгілі бір лауазымды немесе танымал тұлғалардың ықпалы болуы мүмкін», - дейді заңгер.

Айта кетейік, бұған дейін Мұқасан Шахзадаев «Нұр-Мұқасан» тобының жаңа әншісін соққыға жықты деп айыпталғаны хабарланған еді.

Кейінірек «Нұр-Мұқасан» тобының әншісі Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалған еді. 

Войдите, чтобы оставить комментарий