«Өнер қырандары» театры Шымкенттегі концертке қатысты кедергілер туралы мәлімдеді

06.03.2026 16:25 Мөлдір Талғат
«Өнер қырандары» театры Шымкенттегі концертке қатысты кедергілер туралы мәлімдеді
339
Фото: видеодан скриншот

«Өнер қырандары» театры Шымкент қаласында жоспарланған концертті ұйымдастыру барысында қиындықтар туындағанын хабарлады. Бұл туралы театр ұжымы Instagram желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді, деп жазады Politico.kz 

Концерт ұйымдастыруда қандай мәселе туындады?

Театр өкілдерінің айтуынша, концертті өткізуге қатысты кедергілер Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты «QYZGALDAQ Sarayi» мекемесі тарапынан болған.

Қазіргі уақытта театр ұжымы мәселенің заңдылығын анықтау үшін заңгерлер мен адвокаттардың көмегіне жүгінген. Мамандар тиісті құжаттарды дайындап, бірқатар мемлекеттік органдарға жолдамақ.

Қала әкіміне ашық хат дайындалды

«Өнер қырандары» театрының өкілдері Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің атына ашық хат әзірлегенін де мәлімдеді.

Ұжымның пікірінше, бұған дейін жолданған өтініштер мен арыздар қала әкімінің назарына толық жетпей отырған болуы мүмкін.

Театр ұжымы қосымша ақпарат бермек

Театр өкілдері алдағы уақытта концерт төңірегіндегі жағдайға қатысты толық ақпаратты жариялайтынын айтты.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий