«Оқу бітіргенше көмектес»: Байқоңырда студент қыз туған әкесін сотқа беріп, жеңіске жетті

18.09.2026 15:54 Мөлдір ҚАЙНАР
«Оқу бітіргенше көмектес»: Байқоңырда студент қыз туған әкесін сотқа беріп, жеңіске жетті
256
Фото: ашық дереккөз

Байқоңыр қаласының тұрғыны жоғары оқу орнында күндізгі бөлімде оқып жатқанын алға тартып, әкесінен 21 жасқа толғанға дейін материалдық көмек ретінде алимент өндіріп беруді талап етіп сотқа жүгінді, деп хабарлайды Politico.kz.

Қызылорда облыстық сотының мәліметінше, талап қоюшы студент оқу ақысы мен күнделікті шығындары үшін қаржылай қолдауға зәру екенін айтқан. Бұған дейін туған әкесімен ортақ мәмілеге келе алмаған ол соттан 21 жасқа толғанға дейін ай сайын 25 АЕК көлемінде, яғни 108 125 теңге өндіріп беруді сұраған болатын.

Сот отырысы барысында судья қос тарапқа мәселені бейбіт жолмен реттеу мүмкіндігін түсіндірді. Нәтижесінде әкесі мен қызы өзара ымыраға келіп, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен шешуге келісті. Бекітілген құжат бойынша, әкесі қызы 21 жасқа толғанша ай сайын келісімде көрсетілген көлемде қаржылай көмек аударып тұруға міндеттенді.

Сот ұйғарымымен тараптардың бұл келісімі заңды түрде бекітіліп, іс жүргізу ресми түрде тоқтатылды.

Войдите, чтобы оставить комментарий