Оралда перзентхана қызметкері лифт ішінде қысылып, қаза тапқан

25.12.2025 11:48 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Оралда перзентхана қызметкері лифт ішінде қысылып, қаза тапқан
0
194
Фото: pexels

Оралда облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы директоры Жанна Дильманова лифт апатынан қаза тапқан қызметкерге қатысты іс бойынша сот алдында жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға 2021 жылдың 31 желтоқсанында болған. Сол күні 50 жастағы Жұматова жүк лифтісі мен шахта арасындағы саңылауға қысылып қалып, оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі таңда іс қалалық қылмыстық сотта қаралып жатыр.

Тергеу деректеріне сәйкес, Жанна Дильмановаға Қылмыстық кодекстің 254-бабы бойынша «міндеттеріне салғырт қарау» айыбы тағылған. Прокурордың мәлімдеуінше, апатқа ұшыраған лифт 1981 жылы шығарылған, оның қызмет ету мерзімі әлдеқашан өткен және техникалық қызмет көрсету тиісті деңгейде жүргізілмеген.

Айыптаушы тарап осы жайттарды ескере отырып, соттан Дильмановаға 2 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Алайда қорғау тарапы бұл айыптаулармен келіспейді. Дильманованың адвокаты Тамара Сәрсенова сотта оның лифтердің техникалық жай-күйіне тікелей жауапты болмағанын, қызметтік міндетіне тек мекемені жалпы басқару ғана кіретінін айтты. Сонымен қатар, қорғау тарап лифт апаты мен қызметкердің өлімі арасындағы себеп-салдарлық байланыс толық әрі нақты дәлелденбегенін алға тартып отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий