Оралда септикке құлап кеткен 8 жасар қыз көз жұмды
Оралда жеке үйдің аумағындағы септикке құлап кеткен сегіз жастағы қыз ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, 2018 жылы туған қызға қатысты оқиға туралы ақпарат 10 тамызда түскен.
Алдын ала мәлімет бойынша, бала жеке үйдің аумағында орналасқан септикке құлап кеткен. Қыз ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан көз жұмды.
«Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – делінген полиция хабарламасында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.10.2026
21:37
Пара алудан ақшаны жылыстатуға дейін. Астанада ...
17.10.2026
17:31
Бостандыққа шығуына санаулы күн қалған: Атбасар...
17.10.2026
16:58
Мемлекетке сыйлық: Нұрасыл Медеу ерекше шешім қ...
17.10.2026
16:22
Шымкенттегі шудан кейін Қайрат Нұртастың концер...
17.10.2026
15:35
«Басыңды кесіп аламын»: Астанада ер адам 11 жас...
17.10.2026
14:17
Динара Сәтжан сәби күтіп жүр ме? Желіде жұртты ...