Өскеменде автобусқа жол бермеген көлік соқтығысты: Жолаушылар зардап шекті
Өскемен қаласында маршруттық автобус пен Lada Priora автокөлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға 4 қыркүйек күні Сәтбаев даңғылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Lada Priora жүргізушісі бұрылу кезінде қарсы бағытта түзу келе жатқан маршруттық автобусқа жол бермеген. Соның салдарынан екі көлік соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасынан кейін маршруттық автобустың екі жолаушысы медициналық көмекке жүгінген.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады. Полиция қызметкерлері жолаушылар мен куәгерлерден жауап алып, жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Тексеру қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...