Өскеменде уақытты ауыстыруға қарсы митинг өткізуге рұқсат берілді 

03.11.2025 15:54 Әсел Мұрат
Өскеменде уақытты ауыстыруға қарсы митинг өткізуге рұқсат берілді 
0
554

Бір жылға созылған сот тартысынан кейін Өскемен тұрғыны Леонид Карташевқа уақыт ауыстыруға қарсы митинг өткізуге рұқсат берілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

 Қала әкімдігі сот шешімін орындау мақсатында митингті 2025 жылдың 5 қарашасында өткізуді ұсынды. Алайда белсенділер бұл шешімді "өз уақытында айтылмағанын және мысқылдап тұр" деп бағалады. Олардың сөзінше, себебі уақыт ауыстыру мәселесі қоғамда әлдеқашан өзектілігін жоғалтқан. 

2024 жылдың желтоқсан айында Өскемен тұрғыны Леонид Карташев уақыт белдеуін өзгертуге қарсы бейбіт митинг өткізетіні туралы хабарлама берген еді. Алайда әкімдік жиынды өткізуге рұқсат бермей қойған.

Карташев бұл шешімге сот арқылы шағым түсірді. 2025 жылдың 4 наурызында Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімдіктің әрекетін заңсыз деп таныды. Сот Конституциялық соттың азаматтардың бейбіт жиын өткізу құқығын бекітетін қаулысына сүйенді.

Сот шешімін орындау үшін әкімдік Карташевтің өтінішін қайта қарап, оған ресми хат жолдады.

«Әкімдік сізге бейбіт жиналысты митинг түрінде 2025 жылдың 5 қарашасында сағат 17:00-ден 18:00-ге дейін Өскемен қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 68 мекенжайында өткізуді ұсынады», – делінген жауапта.

Қатысушылар саны – бастапқы хабарламадағыдай 99 адам. Құқықтық медиа-орталықтың директоры Диана Окремова бұл жағдайды жүйенің көрінісі ретінде бағалады.

«Заң кейде жұмыс істейтіні, әрине, жақсы, бірақ бұл ұсыныс әжуадай көрінеді. Тақырыптың өзектілігі жоғалған соң, бір жылдан кейін митинг өткізіңдер дейді. Бұл жүйеміздің бет-бейнесі», – деді ол.

Еске салайық, Қазақстан 2024 жылдың 1 наурызынан бастап бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне өтті. Бұған дейін елде екі белдеу болған, UTC+5 және UTC+6. 
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий