"Ота үстінде кетіп қала ма деп...": Гүлзира Айдарбекова елді алаңдатып қойды

13.08.2026 09:48 Мөлдір ҚАЙНАР
109
Фото: видеодан скриншот

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ағасының денсаулығы күрт нашарлап кеткенін айтып, көпшіліктен сүйеу іздеген жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесінің сөзінше, ағасына бауыр циррозынан бөлек, бауыры мен жүрегінде тромб бар деген диагноз қойылған. Ол туғанының жанына араша түсу үшін бармаған дәрігері қалмағанын жеткізді.

"Жаным, бауырым, амандығыңменен қуантшы. Миымнан еш кетер емес, қайдан, қалай ем болады деген. Бармаған дәрігерім қалмады", – деп жазды ол.

Продюсердің айтуынша, дерттің асқынуына байланысты дәрігерлер ота жасаудан тартынып отыр.

"Бауыр циррозынан бөлек, 90 пайыз тромб болғандықтан, барлық дәрігер «ота үстінде кетіп қала ма» деп абыройларынан қорқатын сияқты. Денсаулыққа мән беріңіздер, кеш болып қалмасын", – деп ескертті Гүлзира Айдарбекова.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий