«Ота жасатуға тура келді»: Шавкат Рахмонов денсаулығы туралы күтпеген мәлімдеме жасады

01.02.2026 16:05 Әсел Мұрат
«Ота жасатуға тура келді»: Шавкат Рахмонов денсаулығы туралы күтпеген мәлімдеме жасады
200
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Шавкат Рахмонов

Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Аралас жекпе-жек шебері екінші рет ота жасатқанын және октагонға шығатын уақыты тағы да кейінге қалдырылғанын мәлімдеді.

«Жауынгердің жолы ешқашан жеңіл болмайды. Өмір бізге еңсере алмайтын сынақ бермейді. Әрбір арманның өз құны бар, кейде бұл денсаулыққа байланысты болуы мүмкін. Шынымды айтсам, жарақатыма байланысты тағы бір ота жасатуға тура келді және толық қалпына келу үшін уақыт қажет. Сондықтан менің октагонға оралуым кейінге қалдырылды, - деді Шавкат Рахмонов.

Спортшы бұл өзі үшін ауыр жаңалық болғанын атап өтті.

«Әрине мұны қабылдаудың өзі қиын. Алайда әрбір сәтсіздік үлкен жолдың бір бөлігі екеніне сенемін. Бұрынғыдан да мықты, ақылды болып ораламын, жеңіске деген құлшынысым да арта түседі. Мақсатым бұрынғыдай. UFC белбеуін Қазақстанға әкелуім керек. Қандай жағдай болмасын, менімен бірге болған жандарға рақмет, - деді Рахмонов.

Алдын ала мәлімет бойынша, Рахмоновтың қалпына келуі үшін кемінде 9-10 ай қажет.

Ол соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізген. Күні кеше Алматыда өткен Naiza 80 турнирінде Рахмонов балдақпен көзге түсті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий