Серік Ибрагимов 50 жасқа толған Мейрамбек Бесбаевқа ерекше сый жасады
Әнші Серік Ибрагимов мерейтойын атап өтіп жатқан әріптесі әрі өнердегі ағасы Мейрамбек Бесбаевқа ерекше құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты, деп хабарлайды Politico.kz.
Сый-құрмет Мейрамбек Бесбаевтың Қызылордада өткен жеке концертінде көрсетілді. Кешке Серік Ибрагимовтің өзі қатыса алмағандықтан, сыйын табыстау үшін арнайы досын жіберген. Сахнаға көтерілген жолдасы мерейтой иесіне шапан жауып, әншінің кино саласына бет бұрғанын әзілмен жеткізді.
«Осыдан екі жыл бұрын «Заманбек» деген кино түсіріп, 1,5 миллиард касса жинаған. Қазір «Заманбек-2» деген кино түсіріп жатыр. Құнықты ма, білмеймін ғой енді», — деп қалжыңдады ол сахна төрінде.
Ал Серік Ибрагимовтің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында ағасына деген ықыласын білдірді.
«Мейрамбек ағамыздың 50 жас кеші құтты болсын! Ағамды ерекше жақсы көремін, сыйлаймын», — деп жылы лебізін жазды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды
20.10.2026
17:05
Серік Ибрагимов 50 жасқа толған Мейрамбек Бесба...
20.10.2026
16:50
Павлодарда апалы-сіңлілі екі баланы зорлап, ВИЧ...
20.10.2026
16:05
"Ер адам әйелінің маңдайынан сүйген": Сауд Араб...
20.10.2026
15:59
«Әлемдік бағаға қарап отыра беруге болмайды»: Э...
20.10.2026
15:36
Бұрынғы вице-министр Президент әкімшілігінде жа...