Отбасымызда той болуы керек еді, кейінге шегердік - Айнұр Тұрсынбаева
 
                                Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева отбасында 1 қараша күні өтуі тиіс болған тойдың кейінге шегерілгенін айтып, көңіл күйімен бөлісті.
Ақынның айтуынша, соңғы күндері түрлі жағдайларға байланысты отбасы жоспарлаған қуанышқа уақытылы дайындала алмаған.
“Түнде балама, күндіз анама қарап… Отбасымызда 1 қараша күні той болуы керек еді. Кейінге шегереміз бе десек, үйдегілердің бірі «тойды қалай да жасаймыз» деп отыр. Соңғы күндері күн мен түн ауысып кеткендей, ештеңеге үлгермей жүгіріп жүрмін. Қаншама тойлар мен туған күндер қатар келді”, – деп жазды ақын әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айнұр Тұрсынбаева өз жазбасында өмірдің жоспармен емес, Алланың қалауымен өрбитінін атап өтті.
“Адамның айтқаны емес, Алланың бұйырғаны болады екен ғой. Разбор жасатамын деп Ақтаудан, Қарағандыдан арнайы келген оқырмандарымнан кешірім сұраймын”, – деді ол.
Ақынның бұл жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік оған қолдау білдіріп, денсаулық пен сабыр тіледі.
Соңғы жаңалықтар
 
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                            