«Отбасын бұзды деген өтірік»: Жанель Серғазина өзіне тағылған айыптарға жауап берді

01.06.2026 10:21 Мөлдір ҚАЙНАР
«Отбасын бұзды деген өтірік»: Жанель Серғазина өзіне тағылған айыптарға жауап берді
125
Фото: коллаж POLITICO.KZ

Актриса Жанель Серғазина әнші Еркеш Хасенмен қалай танысып, отбасын құрғанын айтып, өзіне бағытталған сын-пікірлерге жауап берді. Бұл туралы Politico.kz хабарлады.

Өнер иесі бұл жайында "Momsкий әңгіме" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Жанель Серғазинаның сөзінше, Еркеш Хасенмен танысқан кезде әнші өзін ажырасқан, басы бос азамат ретінде таныстырған. Актриса оның бұл сөзін тексеріп, туыстарымен де сөйлескенін жеткізді.

«Еркеш "мен ажырастым, басым бос адаммын" деді. Басы бос адам қайтадан өмір құрып, отбасын құра алады. Бұл – әр адамның жеке құқығы. Ол мені туыстарымен таныстырды. Олар да оның ажырасқанын айтты. Содан кейін еркін араласа бастадық. Бір-бірімізді жақсы көрген соң отбасын құруға шешім қабылдадық», – деді актриса.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желілерде тараған «біреудің отбасын бұзды» деген пікірлермен келіспейтінін айтты.

«Мен басы бос адамға тұрмысқа шықтым. Үйленген, балалары бар адамның отбасын бұзды деген сөздер шындыққа жанаспайды», – деп түйіндеді Жанель Серғазина.

Войдите, чтобы оставить комментарий