Өз әкесін аяусыз сабаған: адам шошырлық қылмысқа қатысты тың дерек шықты

10.01.2026 09:52 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Өз әкесін аяусыз сабаған: адам шошырлық қылмысқа қатысты тың дерек шықты
0
717
Фото: ашық дереккөз

Шардара ауданында әкесін аяусыз ұрып-соғып, азаптаған 41 жастағы ер адамға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Алайда оның жұбайына қатысты “Ұрып-соғу” бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Сот отырысы барысында қатысушыларға айыпталушының әкесін соққыға жыққан сәттері түсірілген бейнежазба көрсетілді. Кадрлардан ер адамның жұбайының да оқиға орнында болғаны байқалады.
Марқұмға жүргізілген сот-медициналық сараптама нәтижесінде қарттың мұрны мен қабырғалары сынғаны, сондай-ақ денесінің бірнеше бөлігінде ауыр жарақаттар бары анықталған.

Қазіргі уақытта Жетісай аудандық сотында әкесін ұрып-соғып, азаптаған деп айыпталған 41 жастағы Алмас Садақбаевқа қатысты істі қарау жалғасып жатыр.

Айта кетейік, айыпталушының кәмелетке толмаған екі баласы бар. Бұл жағдай сотта жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырылуы мүмкін. Сонымен қатар бүгін оның жұбайына қатысты “Ұрып-соғу” бабы бойынша қозғалған қылмыстық істің дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты тоқтатылғаны белгілі болды.

«Садақбаевтың кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында тағайындалған сараптамалармен, сот-медициналық қорытындылармен және куәлардың айғақтарымен толық дәлелденді. Айыпталушы өз кінәсін мойындады», – деді прокурор Нұрмахан Елшібаев.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий