"Өз құдағиына үйленген": балаларым ұрды деген кісінің әйелі шындықты айтты

25.03.2026 10:21 Мөлдір Талғат
3052
Фото: видеодан скриншот

Жетісу облысында бұған дейін балаларынан қысым көріп жүргенін айтып, көмек сұраған ер адамның мәлімдемесіне қатысты жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды Politico.kz Democrat.kz сайтына сілтеп.

Еске салайық, бұған дейін Бақытбек есімді азамат балалары өзінен ақша талап етіп, бермеген жағдайда күш көрсететінін, тіпті аязды күні далаға тастап кеткенін айтып, құқық қорғаушылардан көмек сұраған еді.

Алайда бұл жағдайға байланысты оның жұбайы әлеуметтік желіде жауап беріп, айтылған мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Өтірік айтып отыр. Балалары оған себепсіз тиіспейді. Мен Бақытбектің некелі әйелімін. Бақытбек балаларым сабайды деп өтірік айтып отыр. Балалардың оған реніші бары рас. Себебі Бақытбек өзінің туған құдағиына үйленген.

Балалар содан намыстанып, оған реніштерін білдіріп, сөйлейтіні рас. Өзінің туған құдағиына үйленген адамды кім сыйласын", – деп жазды ол.

Осылайша, отбасы ішіндегі жағдайға қатысты екі түрлі пікір айтылып отыр. Қазіргі уақытта бұл мәселеге байланысты ресми органдар тарапынан нақты түсініктеме берілген жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий