«Өзімді жеңіл сезінемін»: Ерке Есмахан мен RaiM Қазақстаннан кетіп қалды
Қазақстандық әншілер Ерке Есмахан мен оның жұбайы RaiM уақытша Қазақстаннан шығып, Мальдив аралдарында демалыс өткізіп жатыр. Ерлі-зайыптылар бұл жайлы Instagram желісіндегі жеке парақшаларында бөлісіп, тропикалық жұмақтан әсерлі кадрлар жариялап жатыр, деп хабарлайды Politico.kz
Желіде тараған стористерден жұптың көгілдір теңізі мен қалың жасыл табиғаты көз тартатын аралдарда тынығып жүргенін аңғаруға болады. Өткен жазда үшінші сәбиін дүниеге әкелген Ерке Есмахан қазіргі физикалық жағдайына да тоқталып өтті.
Әнші отбасымен бірге демалып жатқан сәтінен сурет жариялап, қою түсті панама мен ақ жейде киген табиғи образымен көпшіліктің назарын аударды. Оның айтуынша, босанғаннан кейінгі салмағы бұрынғы қалпына жақындап қалған.
«Қазір салмағым 56 келі. Тағы 5 келі тастауым керек. Мұнда тері де дем алады. Өзімді өте жеңіл, еркін сезінемін. Керемет әсер», – деп жазды Ерке.
Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың жарияланымдарынан әсем жағалау, мөлдір теңіз бен тропикалық табиғат көріністері байқалады. Кадрларда олардың кенже ұлы Ислам да жиі көрініп, отбасылық демалыстың жылуын сездіреді.

Соңғы жаңалықтар