Париж Олимпиадасының жүлдегері жол апатынан көз жұмды
2024 жылғы Париж Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болған Фиджи құрамасының регбисі Джосая Райсуке Францияда 31 жасында жол-көлік оқиғасынан көз жұмды,деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы Associated Press агенттігі мәлімдеді.
Қайғылы оқиға спортшы жаттығуға бара жатқан кезде орын алған. Автокөлігі теміржол өткелінен өтіп бара жатқан сәтте пойызбен соқтығысқан.
Джосая Райсуке кәсіби мансабын Еуропада бастап, Францияның «Стад Франсе» және «Невер» клубтарында өнер көрсетті. 2021 жылдан бастап «Кастр» командасында ойнады. Ол халықаралық аренада да зор табысқа жетіп, 2024 жылғы Париж Олимпиадасында Фиджи құрамасы сапында регби-7 санатында күміс медаль иеленді. Финалда Фиджи құрамасы Франциядан 7:28 есебімен жеңілді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
15:16
Балабақша қызметкерлері қаза тапқан апат тағы б...
20.10.2026
14:27
56 жасқа толған Толқын Забирова жаңа образымен ...
20.10.2026
14:11
Құрылтайға жаңа депутат келді: Ол кім?
20.10.2026
13:29
Екі айға қамалған Navai бір апта өтпей босатылды
20.10.2026
12:56
Қазақстанда дәрі-дәрмек пен вакциналарды тасыма...
20.10.2026
12:52
Бұрынғы әкімнің үйінен 45 миллион теңге ұрланға...