Павлодар облысында әкесі зорлаған 15 жастағы оқушының ісіне қатысты тың дерек шықты
350
Павлодарда өткен баспасөз мәслихатында балалар Павлодар облысының омбудсмені Майқайың ауылында өгей әкесі зорлаған 9-сынып оқушысының ісінің мән-жайын айтты.
Облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева қызбен және оның отбасымен кездескенін айтты.
Баланы өгей әкесі тәрбиелеп жатқандықтан, ерекше назарға алынған. Сыныпта ондай төрт оқушы болған. Сынып жетекшісі төртеуінің де отбасына барған. Тек осы оқушының отбасында өгей әкесінің мінез-құлқы ұнамаған. Сынып жетекшісі ер адамның балаға көзқарасын байқап қалған. “Бұл әкенің балаға деген көзқарасы емес, ер адамның әйеліне деген көзқарасы сияқты еді” дейді ол. Сондықтан сынып жетекшісі қызды назарға алған", – дейді Шәкенова.Бұл жағдайға Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина да түсініктеме берді.
Өгей әкесінің кәмелетке толмаған 9-сынып оқушысына зорлық-зомбылық көрсету фактісін сынып жетекшісі анықтады. Сынып жетекшісі отбасыларға бірнеше рет барған. Оған қоса сынып жетекшісі мен оқушы бір көшеде тұрған. Мектептен бірге қайтқан. Үйге қайтып бара жатқанда, мұғалім қыздың жағдайын, оның өмірінде қандай қиыншылықтар болып жатқанын біліп, сөйлескен. Бойжеткен бірнеше жыл бойы жалғасып келе жатқан оқиғаны сынып жетекшісіне айтуды жөн көрді. Осы факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, оның нәтижелері қосымша хабарланатын болады, - деді Самал Айтқазина.
Соңғы жаңалықтар
17.07.2026
21:23
«Жүргізушінің ағасы полиция қызметкері»: Алматы...
17.07.2026
20:43
Хасен Қожа-Ахмет: Орыс тіліндегі сөздер көне тү...
17.07.2026
20:39
Қосшыда бассейнде көз жұмған 6 жасар балаға қат...
17.07.2026
20:09
“+48 градусқа дейін ыстық”: Синоптиктер қазақст...
17.07.2026
19:59
Айбек Барыс: Адал жолмен байымағандардың ұрпағы...
17.07.2026
19:16
«Екі шұжық пен бір тілім нан»: Өртті бірнеше кү...