Павлодар облысында өрттен қаза тапқан екі баланың отбасына пәтер берілетін болды
Павлодар облысында Ертіс ауданының әкімдігі өрттен екі кішкентай баласынан айырылған отбасыға үш бөлмелі пәтер беретін болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады. Әкімдік қайғы жамылған отбасының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
«Өрт салдарынан зардап шеккен отбасыға үш бөлмелі пәтер беріледі, қажетті жиһаз, киім-кешек және тұрмыстық керек-жарақ сатып алынды. Жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға да тиісті көмек көрсетіледі», - деп хабарлады әкімдік.
Қазір психологтар отбасы мүшелеріне көмек көрсетіп жатыр. Өрттің себептері анықталуда.
Еске сала кетейік, 15 қаңтар күні таңертең Ертіс ауылында жер үйден өрт шығып, кәмелетке толмаған екі бала қаза тапты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...