Павлодарда мектеп оқушылары 7 жасар баланың тілін кесіп алмақ болған

10.12.2025 16:54 Мөлдір Талғат
 Павлодарда мектеп оқушылары 7 жасар баланың тілін кесіп алмақ болған
0
53
Фото: ашық дереккөз

Павлодарда мектеп жасындағы балалар 7 жастағы балаға шабуыл жасап, оның тілін кесуге әрекеттенген. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жәбірленушінің анасының айтуынша, оқиға 9 желтоқсанда Айманов көшесіндегі №50 үйдің маңында болған.

«Шамамен 10 жастағы екі бала ұлымды жерге құлатып, бірі басы мен денесіне аяқпен тепкен. Кейін олардың бірі қайшы шығарып, тілін кесе бастаған. Ұлым қашып үлгеріп, шок жағдайында подъезге жүгіріп жеткен. Балалар оның артынан қуған, бірақ ол домофон арқылы есікті ашқызып, подъезге кіріп үлгерген», – деді әйел.

Анасының сөзінше, үй маңындағы бейнебақылау камералары істемегендіктен, шабуыл сәті жазылмаған. Ол оқиғаға куә болған жергілікті тұрғындар болса, хабарласуды сұрады.

Полиция бұл факті бойынша «Кәмелетке толмағанға қатысты қасақана жеңіл дене жарақатын келтіру» бабымен қылмыстық іс тіркегенін мәлімдеді.

«Қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандарды анықтау және ұстау бойынша жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ олардың заңды өкілдерінің әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Мәселе кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда да қаралады», – деп хабарлады департамент.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен бала Павлодар облыстық балалар ауруханасының травмпунктіне жеткізілген. Алғашқы тексеру кезінде дәрігерлер мидың шайқалуын, ерні мен денесіндегі бірнеше жарақат пен көгерулерді, сондай-ақ тілінің ұшындағы жараны анықтаған. Бұл жара тілдің қозғалысын қиындатып, сөйлеуіне әсер еткен.

Науқас травматология бөліміне жатқызылды. Жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта. Қажетті ем толық көлемде көрсетіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Облыстық балалар омбудсмені Сауле Шәкенованың айтуынша, жәбірленушінің анасына хабарласылған, ал аурухана психологы балаға психологиялық көмекті бастап кетті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий