Павлодарда оқушылардың денесін күйік шалды

Павлодарда оқушылардың денесін күйік шалды
Фото: freepik.com

Павлодарда 7 оқушының денесін күйік шалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Қаладағы №37 мектеп оқушылары крот, сусын мен фольганы араластырып, эксперимент жасамақшы болған.

Алайда оқушылардың химиялық реакция салдарынан қол, бет және көздің айналасын күйік шалған. 6-сынып оқушылары облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 

Дәрігерлер балалардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтты. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу